Қазақстан мен Австрия адам саудасымен күресті талқылады. Венадағы келіссөздерге республика делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бастап барды. Венада Қазақстан-Австрия консулдық консультациялары өтті. Қазақстан делегациясын Дипломатиялық департамент басшысының орынбасары Әлібек Бақаев, австриялық тараптан Австрия Сыртқы істер министрлігінің консулдық істер бөлімінің басшысы Георг Стилфрид басқарды.