Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды. Қаңтар-қыркүйек аралығында елдің сыртқы сауда айналымы 48,2 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 7,7%-ға өсті. Өзбекстан Статистика агенттігінің ақпаратына сай, бүгінгі таңда көршілес мемлекет әлемнің 190 елімен сауда-саттық жасайды.