Қазақстан мен Тәжікстан Рогун су электр стансасынан электр энергиясын импорттау шарттарын келісті. Келіссөздер аясында ел өкілдері алдағы уақытта су электр стансасының техникалық мүмкіндіктеріне жан-жақты талдау жүргізілетін болады деп шешті. Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Усмонзода Усмонали және Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрінің орынбасары Манучехр Сафарзодамен энергетика саласындағы ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізді,.