Қазақстанның Ұлттық банкі еліміздің Тәжікстанмен ұзақ мерзімді валюталық келісімді неге бұзғанын түсіндірді. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы валюталық келісім 1999 жылдың 16 желтоқсанынан бері жалғасып келеді. 25 жылдан кейін келісім тоқтатылды. Ұлттық банктің хабарлауынша, құжат өзектілігін жоғалтып, соның ішінде Тәжікстандағы ұлттық валютаның бірнеше жылдар бойы өзгеруіне байланысты екені белгілі болды.