Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді. Қырғыз мәдениет министрі Алтынбек Мақсұтов спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаевпен кездесу барысында ойындарды көшіру мәселесін талқылады.Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты вице-министрі Шыңғыз Есенғұлұлы баспасөз мәслихатын өткізіп, келесі VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының республикада өтетіні туралы айтты.