Қырғызстан мен Еуроодақ гидроэнергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Республиканың Сыртқы істер министрі елге ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін Еуроодақ инвестициялары қажет екенін атап өтті. Бішкекте Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев пен Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссия вице-президенті Жозеп Боррельдің кездесуі болып, онда гидроэнергетика және көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелер талқыланды.