Қырғызстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 5 миллиард долларға дейін артады. Бұл туралы Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы Красноярскіге жұмыс сапары барысында мәлім етті. Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Красноярск қаласына жұмыс сапарымен барып, 25-ші Қырғыз-Ресей үкіметаралық комиссиясының пленарлық отырысына және Қырғыз-Ресей 11-ші өңіраралық конференциясына қатысты.