Қырғызстан мен Ұлыбритания сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте байланыс орнатты. Қырғызстанның бас прокуроры Ұлыбританиямен өзара іс-қимыл республика дамуының ең маңызды шарты екенін атап өтті. Бішкекте Қырғызстанның Бас прокуроры Мақсат Асаналиев пен Ұлыбританияның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николас Боулер арасында кездесу өтті. Әңгімелесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қозғалды.