Қырғызстан президенті Францияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына барады. Мемлекет басшысы «Спорт орнықты даму үшін» халықаралық саммитіне де қатысады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Франция президенті Эмманюэль Макронның шақыруымен Парижге ресми сапармен барды. Сапар 25-27 шілдеге жоспарланған және оған мемлекет басшысының ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына қатысуы кіреді.