Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қарындасы Ләззат Нұрқожаеваға сүйіктісі үйленуге сөз салған. Жастар Оруу-Сай шатқалына ТЖМ-нің тікұшағымен ұшып барған. Әлеуметтік желіде тараған бұл жағдайды сынға алғандардың қарасы көп. Садыр Жапаров бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, халықтан кешірім сұрады.