Қырғызстанда мүгедек және материалдық көмекке мұқтаж ата-анасын асыраудан бас тартқан, сондай-ақ балаларына алимент төлемегендер үшін жаза қатайтылып жатыр. Жогорку Кенеш депутаттары кейбір заңнамалық актілерге тиісті түзетулерді үшінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы ата-аналардың өз балаларына қатысты алименттік міндеттемелерді орындамағаны немесе толық орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың материалдық көмекке мұқтаж қарт ата-аналарын асыраудан жалтарғаны үшін жазаны қатайту мақсатында әзірленген.