Қырғызстанда жаңа жел электр станциясының құрылысы басталды. Қуаты 100 МВт жаңа жел электр станциясының құрылысына 12 ай бөлінді. Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров пен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук республиканың Ыстықкөл облысының Тоң ауданында жел электр станциясының құрылысына капсула салу рәсіміне қатысты.