Қырғызстандағы дәрігерлер президент жарлығымен өсірілген жалақы алатын болды.Садыр Жапаров қол қойған жарлық 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы жарлықты бекітіп, қол қойды. Жаңа қаулыға сәйкес, бас медицина қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға, орта буын қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға, кіші құрам мен жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы 10 пайызға өседі.