Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданы Апшыр-Ата ауылында сел алып кеткен екі жасар баланың денесі табылды дейді Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде баланың денесі кеше сағат 15.50-де табылған. Баланы жергілікті тұрғындар тауып, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне тапсырды.