Александр Лукашенко Қазақстанды уақыт сынынан өткен одақтас деп атады. Беларусь президенті Қазақстан елшісінен Қасым-Жомарт Тоқаевқа оның әрқашан шынайы дос болғанын және болып қала беретінін айтуды өтінді.1 қазанда Тәуелсіздік сарайында Беларусь президенті Александр Лукашенко тоғыз шет мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара барысында Қазақстанмен қарым-қатынасқа ерекше назар аударылды.