Өзбек-жапон жобаларының құны 3,7 миллиард долларға жетті. Бастамалар мұнай-химия, энергетика және инфрақұрылым салаларын қамтиды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Жапония халықаралық ынтымақтастық банкінің (JBIC) төрағасы Тадаши Маэдо бастаған Жапония делегациясымен кездесті. JBIC-пен ынтымақтастықты кеңейту және жапондық компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.