Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев халық медицинасымен айналысатын тұлғаларға жауапкершілікті көздейтін заңға қол қойды. Заң бұзған жеке тұлғаларға 15-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (440-587 доллар), ал қызмет өкілдеріне 20-25 АЕК (587-734 доллар) көлемінде айыппұл салынады. Рұқсат етілмеген емдеу әдістерін қолданғаны, олар үшін материалдық құндылықтар немесе мүліктік пайда алғаны, сондай-ақ оларды насихаттағаны үшін 15-тен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (440-587 АҚШ доллары) айыппұл салынады.