Өзбекстан мен БАӘ Үшқұдық ауданында жаңа жел электрстанциясын салады. Республиканың Энергетика министрлігі мен Масдар арасында Бакуде өткен COP-29 конференциясы аясында келісімшартқа қол қойылды.Джурабек Мирзамахмудов басқаратын Өзбекстанның Энергетика министрлігі мен БАӘ-ден келген Масдар жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Оның қуаты 1000 МВт болады, Науаи облысының Үшқұдық ауданында салынады.