Ташкентте Өзбекстан мен Түркия арасындағы қауіпсіздік байланысы нығая түсті. Келіссөзде екі елдің Ішкі істер министрлігінің басшылары киберқылмыспен, терроризммен және экстремизммен күресу перспективаларын талқылады.Өзбекстанның Ішкі істер министрі генерал-лейтенант Пулат Бобожонов Ташкентте Түркияның Ішкі істер министрі Али Эрликай бастаған түрік делегациясымен кездесу өткізді.