Өзбекстан билігі аз қамтылған отбасылардан шыққандарға жоғары оқу орындарына түсуге көмектесетін болады. Республика Президенті үздік студенттерге оқу ақысын төлеуге несие беруге уәде берді. 11 қыркүйекте өткен жиында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев әрбір аз қамтылған отбасынан кем дегенде бір адам, әсіресе әйелдер жоғары білім алуына жағдай жасау ниетін мәлімдеді.