Өзбекстанда бюджеттік сала қызметкерлерінің зейнетақысы мен жалақысы 15 пайызға өседі. Мемлекет басшысы мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 15 пайызға көтеруді тапсырды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бюджеттік сала қызметкерлерінің зейнетақысын, жәрдемақысын және жалақысын 15 пайызға арттыру туралы жарлыққа қол қойды. Өзгерістер 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.