Өзбекстанда күтпеген жерден ежелгі көшпенділердің бейіті табылды. Одан табылған жерлеу бұйымдары Ю.Ғұломов атындағы Самарқанд археологиялық институтына жеткізілді. 2024 жылдың маусым айында құрылысшылар Ташкент облысындағы «Кумушкон» шаруа қожалығына апаратын жолды салу кезінде көне қорым қалдықтарына тап болды.