Өзбекстанда жол салу мен жөндеуге 15 триллион сум жұмсалды. Осыған қарамастан 45 мың шақырымға жуық ішкі жол әлі жөндеуді қажет етеді. Президент Шавкат Мирзиеев ішкі жолдарды күтіп-ұстау және жөндеу бойынша таныстырылыммен танысты. Соңғы төрт жылда ішкі жолдарды салу мен жөндеуге қыруар қаржы – 15 триллион сум бөлінді.