Өзбекстанда көкөніс пен дәнді дақыл өсіруге шамамен 4,8 миллион гектар жер бөлінеді. Бөлінген алқаптың жартысына жуығында жеміс-көкөніс, бақша, бұршақ дақылдары мен картоп өсіру жоспарланған. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстармен танысты.