Өзбекстанда қуаты 4 ГВт жаңа электр станциялары іске қосылады. Мемлекет басшысы шетелдік әріптестермен бірлесіп іске қосылған барлық жобаларды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев түрлі облыстар мен аймақтарда энергия тиімділігін арттыру бойынша шаралардың жүзеге асырылуы туралы есеппен танысты. Жылдың соңына дейін жалпы қуаттылығы 4 ГВт болатын жаңа электр станцияларын іске қосу жоспарлануда.