Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Түркияның Синоп қаласында екінші атом электр стансасын салуға өтінімі басқа бәсекелестерінен басым түсті. Еліміздің Энергетика және табиғи ресурстар министрі А.Байрактардың айтуынша, «Росатом» - Түркияға инвестиция салып, атом электр станцияларын салуда біршама тәжірибе жинақтаған компания. Министрдің сөзіне қарағанда, Синоп атом электр станциясы мемлекеттік және жеке сектор арасындағы бірлескен кәсіпорынға айналуы мүмкін және оны лицензиялау шамамен 2-3 жылға созылады.