RFA компаниясы Өзбекстанда IT орталығын ашуды жоспарлап отыр. Компания басшысы республика билігі IT саласын дамытуға қолайлы жағдай жасағанын ерекше атап өтті. Ташкентте Өзбекстанның цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов пен америкалық RFA компаниясы делегациясының кездесуі өтті. Бұл компания Өзбекстанда заңды тұлға ретінде тіркелген және «Нөл тәуекел» бағдарламасын пайдалануға қызығушылық танытып, «T Park Uzbekistan резиденті мәртебесін алуға дайындалуда және болашақта республикада IT орталығын ашуды жоспарлап отыр.