«Росатом» Қырғызстанда құны 1,5 миллиард доллар болатын жобаларды жүзеге асырмақшы. Жуырда республикада қуаттылығы 110 мегаватт болатын бірінші жел электр станциясының құрылысы басталады. Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Қырғызстандағы өкілдігінің бас директоры Дмитрий Константинов компанияның республикада құны 1,5 миллиард доллар болатын жобаларды жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.