Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров тағы да ұсталды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бішкектің Бірінші Май аудандық соты 21 маусым күнгі сот қаулысымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бішкек қаласы бойынша тергеушісінің өтініші қанағаттандырылғанын хабарлады. Ұлан Жапаровқа қатысты 19 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.