ШЫҰ елдері Тәжікстаннан жүк тасымалдауды жеңілдету туралы ұсыныс алды. Алдағы уақытта ел билігі 300 шақырымнан астам халықаралық автомобиль жолдарын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Тәжікстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді автомобильмен жүк тасымалдауды жеңілдету туралы келісімге қосылуға шақырады. Республика билігі бұл Тәжікстан экономикасына да, аймақтағы басқа елдердің әл-ауқатына да оң әсер етуі мүмкін деп санайды.