Тәжікстан мен Кувейт энергетика саласындағы байланыстарды нығайтуға ниетті. Тиісті жобаларды Кувейт Араб экономикалық даму қоры қаржыландырады. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Кувейт Араб экономикалық даму қорының бас директоры Валид әл-Бахармен кездесті. Келіссөздер негізінен энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне қатысты болды.