Тәжікстан мен Кувейт тау-кен өндіру саласында байланыс орнатпақ. Мемлекеттер басшылары әртүрлі бағыттағы әріптестікті кеңейту және нығайту перспективаларын талқылады.Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Кувейт тақ мұрагері шейх Сабах әл-Халид әл-Хамад әл-Мубарак әл-Сабах ресми келіссөздер жүргізді.