Тәжікстан Рогун су электр стансасының құрылысын аяқтау үшін Дүниежүзілік банктен 650 миллион доллар алады. Тәжікстан Президенті атап өткендей, Азия даму банкімен де гранттық қаражат тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Тәжікстан үкіметі Дүниежүзілік банкпен (ДБ) 650 миллион доллар грант алу бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын. Бұл қаражат Рогун су электр стансасының (СЭС) құрылысын аяқтауға жұмсалады. Бұл туралы республика президенті Эмомали Рахмон құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді.