Тәжікстанда Рогун су электр стансасы құрылысының жаңа кезеңі басталды. Мемлекет басшысы Эмомали Рахмон атқарылған жұмыстарды жоғары бағалап, су электр стансасын республика экономикасын дамытудың басты элементі деп атады. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбе қаласының мэрі Рустами Эмомалимен бірге 27 қыркүйекте Рогун су электр стансасында (СЭС) болып, нысан құрылысының жаңа кезеңінің басталу салтанатына қатысты.