Тәжікстанда тұрғындарға электр қуатын беру шектеледі. Биыл энергетиктер республикада шамамен 1 миллиард киловатт-сағат электр энергиясының тапшылығы болады деп күтуде. Тәжікстанда 2024 жылдың 22 қыркүйегінен бастап «қажетті жағдайда» халықты электр қуатымен қамтамасыз етуге шектеулер енгізіледі. Тиісті ескерту Barki Tojik мемлекеттік компаниясының әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жарияланды.