Өзбекстан астанасында 441 гектардан астам саябақ пен жасыл белдеу отырғызылады. Бастама Ташкенттегі ауаның сапасын жақсартуға бағытталған шаралар бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев үкіметтің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде Ташкентте және оның төңірегінде жалпы алаңы 441 гектарды құрайтын саябақтар мен жасыл белдеулерді құру идеясы ұсынылды.