Түрікменстанда виртуалды SIM карта қызметі іске қосылды. Виртуалды нөмірді пайдалану бірқатар артықшылыққа ие, соның ішінде - қызметтің төмен бағасы. Түркіменстандағы «Алтын Асыр» ұялы байланыс операторы абоненттерге жаңа қызмет түрін – виртуалды SIM картасын (E-sim) ұсынады. Виртуалды нөмір дәстүрлі SIM картасына заманауи балама болып табылады. Бұл ұялы телефонға физикалық ортасыз Интернет арқылы қосылудың жетілдірілген тәсілі.