Қырғызстанда Өзбекстанмен бірлескен автомобиль зауыты іске қосылғаннан кейін утильалым пайда болады. Экономика министрлігінде атап өткендей, бұл шара ішкі нарықты қорғауға, сондай-ақ республиканың экологиясына оң әсер етуі тиіс. Қырғыз билігі жергілікті автомобиль өнеркәсібін қолдау және нарықты қорғау шарасы ретінде республикада утильалым енгізуді жоспарлап отыр.