Газиантеп қаласындағы қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны елге аман-есен оралды. ҚР ТЖМ құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Алматы әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.