2023 жылы елімізде 100 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Оның 62% ауыл мектептерінің мұғалімдері. Мұндай мәлімет Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың ведомствоға қарасты ұйымдардың ұжымдарымен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.