Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау және қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде биыл «Кең дала 2» бағдарламасы аясында өтінім қабылдау 1 қазанда басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.