Қазақстан энергетика саласында құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп жатыр. Қазіргі уақытта елде 234 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде 158-і – жаңартылатын энергия көздері, жалпы қуаты 3 ГВт-тан асады. Алайда энергетикалық инфрақұрылым әлі де осал күйінде қалып отыр: жабдықтардың орташа тозу деңгейі 56 пайызға жеткен. Бұл өсіп келе жатқан энергия тұтынуын толық қамтамасыз ету мүмкіндігін шектейді. Ендігі басты мақсат – энергетикалық жүйені жаңарту және қуат көздерін әртараптандыру. Осы бағытта газ жобаларының дамуы, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және "инвестицияға айырбасталған тариф" бағдарламасы ерекше рөл атқарады. Осы бастамалардың жүзеге асырылу барысы туралы BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрген болатын.
Жаңалықтар