2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы барлық өтелмеген сыртқы міндеттемелерінің жиынтық көлемі 171,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл деректерді Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жариялады. Жыл басынан бері көрсеткіш шамамен 7 млрд долларға өскен. Аталған өсім экономикалық қауіпті білдіре ме, әлде инвестициялық белсенділіктің салдары ма? Сарапшылар не дейді?