Биыл әлем жұртышылығы үшін ауыр сынақ болды. Саясатта бейбіт келісім мен өзара тығыз байланысқан алпауыт елдер бір-біріне агрессивті жауап қайтарды.Оның соңы санкция мен ақпараттық астыртын саясатқа ұласты. Бұл жағдай экономикасы әлсіз дамушы елдерге ауыр тиді. Өйткені олар сол алпауыттардың нарығына тәуелді болды. Осылайша, елдер де бай мен кедейше ар жігі ажырап қалды. Пандемиядан соң әлем халқы жаңа мәдениетке, түрлі өзгерістерге бейімделе бастады. Әлемде жаңа тенденциялар пайда болды, - деп жазады BAQ.KZ тілшісі.