Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі мен ипотеканың қолжетімділігі соңғы жылдары қоғамда жиі талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. 2026 жылға қадам басқанда бұл нарықта түбегейлі өзгерістер бола ма, әлде қазіргі үрдіс сақтала ма? BAQ.KZ тілшісі сарапшылардың болжамына сүйене отырып, алдағы жылға қатысты негізгі тенденцияларды саралап көрді.