Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе, сапалы білім беру қызметінің қолжетімділігі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, үш ауысымда оқытатын мектептерді жою, қалада жаңа білім ошақтарын салу, жақын қашықтықта балабақшалар желісін кеңейту және педагог кадрларын даярлау мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.