22 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен елдің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, онымен найзағай, дауыл, екпінді жел күтіледі. Солтүстік аумақта түнде қатты жаңбыр жауса, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Сондай-ақ республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысы мен батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұманды болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.