2025 жылы «Еңбек мамандықтары жылы» аясында іске қосылған Mansap Kompasy платформасында оқушылардың кәсіби бейімділігін анықтауға арналған цифрлық тест енгізілді. Бүгінде бұл тесттен 7–11-сыныптарда оқитын 28 мыңнан астам оқушы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.