3 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте – жауын-шашынсыз, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.