30 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен күн райының құбылмалы сипаты күтіледі – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.Тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. BAQ.KZ бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.